Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  101


Автор: Ақылбек Манабаев

КЕШ

Шыңның қасқа басына
Ақ маңдайын күн тіреп,
Талдардың жалбыр шашына
Жармасты жел сілкілеп.
Таулардан өріп барады.
Ойнақ салып ешкі-бұлт.
Тынымсыз тулап ағады
Жартасты өзен төске ұрып.
Жамылып кешкі арайды
Жағада билеп тұр қайың...
Жаңағы сурет-маңайды
Жалмап қойды түн-жайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу