Өлеңдер ✍️

  15.09.2022
  84


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Жапырақпын

Тал өмірге жармасқан сырға, жаным,
Қобызына шанақ болдым жыр даланың.
Алматым-ау, терезеңнен мұң ағады,
Тамшысымын жылап тұрған бұл қаланың.
Жауыныңнан ықтай түсіп қол шатырға,
Айтшы, сол бір ұраңқайда олжа тұр ма?
Мұң жапырақ жүрегіме оранып-ап,
Тоңған көше...
Адасқан із...
Жол жатыр ма...?
Жүздеріне сұрғылт күздің табы сіңген,
Күз мінезді жүректермен табысып ем.
Ақ жаңбырға үзілдім ғой жапырақ боп,
Жүзіп барам мен өмірдің ағысымен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу