Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  48


Автор: Зайда Медеуханқызы

Жүректің үнін жазамын

Мұңайсам кейде, көзімнен күлкі үйірдім,
Әйтеу, бір маған қасірет үнді үйір мұң,


Қамыққан шақта қол үшін берер туысың,
Ұқпаса сені қиыны осы қиынның.
Қаншама қиял жүйкемді менің кемірді,
Қаншама арман қиырда қалып егілді,
Сонда да жылап көрмедім әсте ешкімге,
Тұрса да бұлттар құрсаулап алып көгімді.
Жаным бар нәзік сезімтал болып жаралған,
Қиялым ұшқыр қиырға шарлап бара алған,
Ортақтас ойға құштарлық сезім арқалап,
Сәйкесіп келем өмірге мынау ағарған.
Әлде де тынбай жүректің үнін жазармын,
Өшкенше демім арманға құлаш созармын,
Өмірден алар, өмірге берер үлесім бар,
Сол еншімді елімнен ғана алармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу