Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  170


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ДӘРІГЕР ЕСЕНГЕЛДІ ҚАНАПИЯҰЛЫНА

Елу жыл бұрын көзімнің,
Алдында өскен баласың
Уақыт жүйрік зымырап
Алпыстан асып барасың.
Жас кезіңнен таңдадың,
Дәрігерліктің саласын.
Қырық жыл болды жүгіріп,
Арашалап келесің.
Өлім мен өмір арасын,
Ауру мен бірге ауырдың,
Жаныңның тырнап жарасын,
Жазылса бірге жазылдың.
Ауаның жұтып тазасын,
Дүзде дүз аман өсірдің
Жас туыт Ана баласын,
Кәрілерің де жалғады.
Тоқсан бес дүздің арасын,
Қыраулы қыстың түнінде
Халқыңа бердің қырық жыл
Тәтті ұйқыңның шаласын
УКөрмеген сірә қиянат,
Дәрігердің сендей сарасын
Адамға қарттық жақын-ау,
Зейнетке шығып барасың.
Қайырлы болсын зейнетің,
Көрсетсін тоқсан қарасын.
Рахмет Есен аман жүр,
Біз үшін сен дарасың!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу