Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  130


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

КӨК ДӨНЕН

Күмістелген жүгенімді,
Көк дөненге жүгендеп
Белдеуіме байлап қойдым,
Ер тұрманын түгендеп.
Қос құлағын қайшылайды,
Ауыздығын басады
Қос көзінің тұнықтығы
Жалт жұлт етіп тереңдеп.
Ауызын ашып есінейді
Жан жағына елеңдеп
Жарысатын жүйрік бар ма?
Әкеліңдер көрем деп
Көк дөненім көрген емес,
Жылқы малын оздырып
Жалғыз қара келіп жүрді
Мақтанымды қоздырып
Осы жолы көк дөненім,
Көңілменен жарысып,
Бара жатыр алыса алмай,
Бір бірімен қарысып
Екі жүйрік егескендей
Бар өнерін салысып
Қайта қайтып келе жатыр
Көз ұшына барысып
Көңіл озып келеді екен
Теңдесі жоқ сетердей
Ала бөтен арынды екен.
Басып жәншіп өтердей
Теңдігіне көз ілеспес
Көкке атылып кетердей
Ішім күйіп арең тұрмын
Жұрттан қатты ұялып
Есім шығып көк дөненді
Мақтағаным бекердей
Көк дөненім көтерілді
Қағыстырды зөңгісін
Айғайладым “Шап көк дөнен”
Көңілден сен кембісің?
Екі жүйрік таласқандай,
Қатар зырлап барады
Бір біріне десетіндей
Менімен сен теңбісің?
Озатыны көк дөнен бе?
Әлде көңіл оза ма?
Талқылада айт өздерің,
Бебердім сөздің соңғысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу