Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  85


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ҚОРҒАУШЫҢ БОЛЫП ҚАЛАЙЫН

Құштар қып мені өзіңе,
Түсесің жиі көзіме
Әр түрлі ойда жүремін,
Сырыңды алмай сезіне
Ұнатып әлде жүрмісің,
Қолдайтын мені пірмісің
Жабырқау, жадау жаныма
Шуағын төгер нұрмысың
Көргенде сені сілкініп,
Көзіме келер нұр тұнып
Басатын пісің бар ма екен?
Қаламын сөзге іркіліп.
Тәуекел қарсы қарайын,
Қасыңа жақын барайын
Көңілімді ыстық суытпа,
Қорғаушың болып қалайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу