Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  338


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАНДАСТАРҒА СӘЛЕМ

Қайтпаймыз елге
Қорғаймыз жерді
Ұмытар кім бар бізді? (осы әнмен айтылады)
Егеменді елім,
Еркімде жерім,
Құтылдық біз отардан.
Шат болды көңіл,
Жайнады өмір
Орын алдық қатардан.
Оқыды жастар,
Бақытқа бастар,
Нұрланады болашақ.
Сөгілген іргем,
Құлдықта жүрген,
Келмейді енді өткен шақ.
Ұлт ара достық,
Тілекті қостық,
Бастаушымыз Нұр Отан.
Шекарам берік,
Тұр әлем көріп,
Сынбайды ағаш бір тұтам.
Сағыныш қозған,
Шет елге тозған,
Жиналыңдар қазағым.
Басыңды қосып,
Қайт елге жосып,
Аздықтың тартпа азабын.
Ата жұртты ойла,
Беліңді байла,
Ұрпағыңды елге қос.
Отаның үшін,
Арналсын күшің,
Бастаңдар елге ұлы көш.
Тебіренсе жаның,
Қызынса қаның,
Сендер үшін зор кеңес.
Ез тойған жерге,
Ер туған елге,
Менен шыққан сөз емес.
Кіна артпа маған,
Ой салып саған,
Мен айтпай кім айтады.
Мұңдарын шағып,
Қанатын қағып,
Құс та кері қайтады.
Үзілген қылдай,
Бөлінген шылдай,
Не шығады жортудан.
Баянды бақыт,
Орнықты тақыт.
Табасың биік көк тудан.
Тастадық ұран,
Шеттегі қыран,
Салиқалы саңлаққа.
Бабадан тәмсіл,
Уық болып шәншіл,
Қара орман ұлы шаңыраққа.
Толықсып халық,
Астана салып,
Белгіленді әлемге.
Тілек бұл айтар,
Қандасты қайтар,
Жар саламыз әр елге!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу