Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  96


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

СҮЛЕЙМЕН ТӨБЕ БАСЫНЫ ЖОҚТАУЫ

Күллі Найман білетін,
Ғаділбектің қадірін.
Ешкім бұзып көрген жоқ,
Жарлық еткен әмірін.
Риза болып қазаға,
Алланың күтіп сабырын.
Жасында кетті қырық алты,
Тигізбей жанға зәбірін.
Өлең етіп айтайын,
Дұғасының қабылын.
Әр нұсқадан сөйлейін,
Ақылының кәмілін...
Біраз баян етейін,
Қалайша өткен назымын...
Осыдан ойла, опасыз –
Баянсыз дүние нәзігін.
Байжігіттің ұйтқысы,
Қажымас болат қазығым.
***
Мырза қайтып дүниеден,
Атам қалды жасында.
Жиырманың ішінде,
Қамқоры аз боп қасында.
Үш Байжігіт бытырап,
Береке болмай асында,
Жерінен ауған Байжігіт,
Билік болмай басында.
Қарағашқа жиылып,
Жаны ашыған жақынға.
Қонысынан қозғалмай,
Ақылдасты жатуға,
Ақылын тауып тұрған соң,
Кім ермейді асылға.
Мәмбет қайта құралып,
Кезің болды бірік деп,
Бас жоқ елдей бытырап,
Байыпталмай жүрдік деп,
Байдікіне келіпті.
Алтынды тіреу кіндік деп,
Тоқыр, Мыңбай, Буратай
Кімді кісі қылдық деп.
***
Жұрт болды ғой мұңлық деп.
Атамды қолға ұстаған.
Жас та болса ұлық деп.
Арғымақ аунап, құт қонған,
Аруақ шыққан түңлік деп.
Мыңбай патиқ етіпті,
Айтқаныңа тұрдық деп,
Қиярыстан, Хакім бай,
Әміріңе кірдік деп,
Жаманбала, Отыншы,
Жаңабай, Мәстек жүйрік боп,
Ұлы қария патиық қып,
Айтқанына тұрдық деп.
Жиырма тоғыз жасында,
Сайланып болыс болғаның,
Атама тізгін беріпті,
Ықыласпен сонша көп.
Оралдан шыққан ақиық,
Орнына барған асыл тек.
Азулыға алдырмай,
Жібермеген жауға кек...
Шолақ... Нұрсапа,
Сол күндегі замандас,
Елшібай, Бапы, Жаманкөз,
Кек алмай жаудан құр қалмас.
Айдыным – атам, қорғаным,
Исламбол соққан ақ алмас.
Қарайған жүрек күйігі,
Арыдан айтпай ағармас.
Қасиеті ерекше,
Қайран атам елге бас...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу