Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  695


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

БАЛА ТӘРБИЕСІ

Мақал бар: «Ақыл жастан, асыл тастан»,
Тәрбие тәуір болса әуел бастан.
Баланы дәйім жуып таза өсірсін,
Анасы татымасын шуәл астан.
Күнде дәйім шомылдыр жас баланы,
Бала – асыл тас әбзәлінің анық дәні.
Емшектің терін, кірін жуып еміз,
Зор аманат анада бала жаны.
Дәреттенбей, жуынбай емізбеңіз.
Ғылым, еңбек, тазалық болады егіз.
Тіл шықса, әуелі ата-ана дегіз.
Қолыңды әбден жуып тағам жегіз.
Таза ұста тән киім ішер асын,
Болар сауап қайыры ұшан теңіз.
Бөтен пиғыл үйретпе боқтық сөзді,
Кірсіз таза жүруге ашып көзді.
Әдеппен ашық жүзбен, анық сөзбен,
Қатарға қос жол көрсет бір мінезді.
Иран халқы тіл шықса жас баласын,
Анасы оқытады сөз данасын.
Бұдан ары ұстазбен жалғасады,
Тағылымды елдегі үлгі бір жарасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу