Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  94


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

КІР БАСҚАНДЫ

Кір басқанды пенде деме,
Үйіне барма,тағам жеме
Етін-қасыр, иісі- сасыр,
Осыда емей ауру неде?
Өз басына құнт қылмаған,
Биті өскен, бейне кене.
Дүниеде су арзан-оған кірді жумаған,
Ақымақ емей немене?
Жүр,барайық үйіне,
Ақыл айтайық күйіне.
Кіріңді жу, битті өлтір,
Тыңда сөзді сүйіне.
Кірлесең қысқа ғұмырың,
Тірлікпен табылар дүние.
Осылай ақыл айтқан жөн,
Сырттап жүрмей жирене.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу