Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  123


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ЖАСЫҢНАН ІЗДЕН

Жасыңнан іздеп үйрен әр іс жөнін,
Іздеп тап талаптанып білім кенін.
Тасқа басқан нақыстай бекіп кетпес,
Асықпай кеңнен толғап кемелденгін.
Өмірің жастан озса салақтанар,
Көз көріп,құлақ естіп көңіл қанар.
Ұғып,біліп,түйінді болжағанға
Жұлдыздай жол бастаушы болар пана.
Ұқпағанға жорға да желісте емес,
Бір шәлдір делдірендеу болады елес.
Құлақ естіп көкейге қондырмайтын
Түйсінбеске несі сөз, несі кеңес.
Тобықты елде Ибраһим дана-ақ екен,
Қазақтан асып туған жан-ақ екен.
Арты-өкініш, алды-үміт,-депті ғұмыр
Қақ илләйһи жәннәттән қылсын мекен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу