Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  260


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

САУДА

Пайдалы кәсіп сауда деп,
Осыған ғана ерме тек.
Егінші, малшы, ағашшы,
Темірші болсаң пайда көп.
Бірін тұрақ етсеңіз,
Басқасы оған болар сеп.
Ертеңгіңді бүгін тап,
Сыпырып маңдай терін төк.
Қыдырып ішсең пайда деп,
Қадірің кетер ойла көп.
Кісілігің келмейді,
Ақыл сөзді көрме жек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу