Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  96


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

АРТЫ ЖАМАН ОЛ ІСТІҢ...

Елді жеген сауап па, жұрт жылатқан.
Арты жаман ол істің несі мақтан?
Қайырлы, қасиетті іс ізделік,
Данышпен молда алайық ішкі жақтан.
Медіресе салдырып, бала оқытып.
Хабар тапсақ, дүниеде әр сабақтан.
Көпке пәрмән өтінген сөзім осы,
Қалмайық өнер деген үлкен саптан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу