Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  78


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Жаныма жақын кел, сәулем

Жібектей шашың желбіреп,
Қызыл гүл ернің үлбіреп.
Қасқая маған қарашы,
Қарақат көзің мөлдіреп.
Қаламдай қасың сызылып,
Құмырсқа белің үзіліп.
Наздана қарап күлші бір,
Маржандай тісің тізіліп.
Мінезің жұмсақ жібектен,
Кетпестей болдың жүректен.
Түсімде көріп, өңімде,
Қараймын жақсы тілекпен.
Тұра ма мәңгі бал-дәурен.
Өтем бе, жырды арнаумен.
Жандыра бермей жүректі,
Жаныма жақын кел, сәулем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу