Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  227


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына

Қасиетті Дінмұхаммед Қонаев,
Аруағыңды сыйламасық, қайтып қана оңайық.
Тәуелсіздік келді бізге сізбенен,
Растаймыз дейді, осылай халайық.
30-жылдай қазақ елін басқардың,
Зорлығына көнбеп едің талай шикі бастардың.
Ақмоланы Ресейге бермеген
Ерлігіңді естен қайтіп тастармын.
Жұмсақ еді, үлкен еді жүрегің,
Түзу еді елге деген тілегің.
Ұлтың үшін, ұрпақ үшін күйетін
Қазақ сіздей ұмыта алмас тірегін.
Сәпер күрек, талаған итке қарамай,
Шаштан сүйреп, қарға көміп кетсе-дағы тарамай.
Намысыңды қорғады адал ұл-қызың
Ар-ұжданнан жанын артық санамай.
Сізге біткен түкті жүрек әркімдерден табылмас,
Өзі болған, өзім ақ деп төркінінде танымас.
20 жылдық жетістікте сіз де ортақсыз Дінеке
Желтоқсан мен тәуелсіздік өзіңізбен тамырлас.
Сіз қорғаған темір азу араннан,
Ақмоламыз асты бүгін ғаламнан.
Қала тұрды ертектегі қиялдай
Сұлулығы тотықұстай таранған.
Алтын ұя астанамыз ешкімнің жоқ ортағы,
Керек емес басқалардың жорғасы мен жортағы.
Игілігін қуаныштап көре берсін мәңгілік
Егеменді еліміздің бақытты өскен ұрпағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу