Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  538


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Жеңгеме арнау

Өркендетіп Қыңырбектің шаңырағын,
Қажымаған арқалаған салмағын.
Құба төбел бір қалыпты мінезбен,
Орындаған Қамаш қарттың арманын.
Әкеміздің қадірлеген төл басы,
Он екі ұрпақ мәпелеген саңлағын.
Осыларды жеткізудің жолында,
Бейнеттің де ой мен қырын шарладың.
Гүлғас жеңге, ұзақ ғұмыр тілеймін,
Жетпісіңе лебізімді арнадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу