Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  781


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Тұрсын Қажиұлының 40 жасқа толған тойына

Шау тартсам да, қаламды қолға алайын.
Тойында Тұрсын бауырым, толғанайын.
Арымас ат, тозбас тон, аталы сөз,
Тілек айтып, жақсы сөз қолданайын.
Жол көрсетіп өзіңе дала, сайын.
Оңынан күнің туып, тұрсын айың.
Ғайып Ерен – Қырық шілтен жолын бастап,
Ер жетсін, Айдар, Асқар, Айдын тайың.
Қырық жас қайрап қойған наркескендей,
Құрыш білек батырлар белдескендей.
Томағасын сыпырған қыран сынды,
Алыс болжап, қанаты желді ескендей.
Қырандай қанатыңды қақ алысқа.
Ере біл, заманға сай, құбылысқа.
Жетпіс, сексен, тоқсанды тойлап беріп,
Өзіңнен соңғыларға көрсет нұсқа




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу