Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  116


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Нұржанға

Туған күніңе арнадым Нұржан балам,
Қолдасын желеп-жебеп алуан бабаң.
Барайын-ақ деп едім талаптанып,
Арық мал, жібермеді соққан боран.
Нағашың Наймандағы ер Шыңғожа,
Егесте ел қорғаған топтан оза.
Үш жүзге аты шыққан ер Қабанбай,
Сенімді серік еткен ер деп таза.
Айналған Алатауды асыл түлек,
Ұраның батыр туған Райымбек.
Сиынып батырлардың рухына,
Ақылды жігіт болғай бізден тілек!
Силайтын азамат бол ата-ананы,
Тегіне тартпақ қыран балапаны.
Артықша шолжаңдыққа жібермесін,
Аялы әке-шеше алақаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу