Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  301


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Сергекпін, сенімдімін

Күн нұры алып жерді сүйгенде ұлы,
Ғайып болар ғапыл ғалам кірбеңдігі.
Маған да тың қуаныш сыйлайды өмір,
Жайраң қағып сен түсіме кірген күні.
Талғам ба, кім біледі тағдырым ба?
Қуаныш бар сол күннің таң нұрында.
Қалықтаған қиял құсы селкеусіз жыр,
Серуенін сездіреді барлығыңа.


Тиянақ па көңілдің көкжиегі,
Көк аспанның етегі көлбіреді,
Күн батады деп қараңғы масаттанды,
Үміт мені сен бар деп сендіреді.
Сен бар, деді,
Сергекпін сенімдімін,
Айна сыйлап айдай жүздің көрімдігін.
Тыншымайды тұлпардай тулап үміт,
Өңімде көзалдымда болмасаң қой,
Түсімде жиі-жиі көрін, күнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу