Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  97


Автор: Нұршаш Тоқтарқанқызы

Мен саған жыр арнадым

Сезімнің жалын атқан алауы шын,
Жүректің ынтық, сынық қалауы үшін.
Мен саған жыр арнадым білесің бе,
Өзгеден өзге біткен дара мүсін.
Сияқты кең көсілген сайран далам,
Сияқты күн көзіндей жайраңдаған.
Кеңдік пен мейір толы жылылықты,
Ұғындым көңіліңнен жайған маған.
Ішінде ақ сағымды сезімдердің,
Жазира көңіліңнің гүлін тердім.
Тараған өзіңдегі жарық нұрдан,
Бақытты сәттерімнің өзін көрдім.
Шыңдаған мына тірлік күресінде,
Балайсың мені, жаным, гүл есімге.
Сол жүрек, сол көңілің шарықтатып,
Мен саған жыр арнадым білесің бе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу