Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  84


Автор: Нұршаш Тоқтарқанқызы

Бұйдасын үзбей арманның

Бір хабар сенен келер деп,
Отырдым күтіп елеңдеп.
Келмеді бірақ тағатсыз,
Ойға да шөктім тереңдеп.
Тербесе деймін бір үн кеп,
Толқыны көңіл дірілдеп.
Қиын да қиын екен ғой,
Қиялы жолдан жүру бек.
Ойлар да ойлар талғадым,
Бір хабар саған жалғадым.
Үнсіздік бірақ үнсіздік,
Тұтқаны, бірақ, алмадың.
Мен солай от боп маздадым,
Онсыз да кешкен аз ба мұң.
Мен үшін сондай ардақты,
Екенін білдім әз жаның.
Таразы тартқан талғамның,
Алдына келдім толғандым.
Жүрсек бір ғана болғаны,
Бұйдасын үзбей арманның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу