Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  130


Автор: Үмітай Сәтжанқызы

Туған күнге марапат

Шарапатым, шаттығым, шапағатым,
Бөлек менің өзіңе махаббатым.
Жасқа толған қидырып тұсауыңды,
Кезің жетті үлкеннен бата алатын.
Балалығын әкеңнің қайталадың,
Сені сүйсем жадырап жай табамын.
Артыңнан атыңды ерттер бауыр еріп,
Болсаң екен шапағым, май табаным.
Жүрек сырын апаңның білемісің?
Бастым жолдың бір талай өр, еңісін.
Жақсылықтың болсын деп шапағаты,
Сен армандап тілеген тілегісің.
Ризамын алланың бергеніне,
Әже болдым ақеділ мен де міне!
Қалтаң қағып бір тұрып, бір жығылып,
Тұнығым мен мейірге ергеніңе.
Үмітімді өзіңсің жалғайтұғын,
Самғасам қанатымсың талмайтұғын.
Туған күнің, шапағым, құтты болсын,
Тартуы осы апаңның арнайтұғын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу