Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  112


Автор: Исраил Сапарбай

Іш қазандай қайнайды...

«Iш қазандай қайнайды,
Күресерге дәрмен жоқ».
Жанды жалын жайлайды,
Жанашырдан жәрдем жоқ.
Жан жарасы асқынды,
Жазатұғын айла жоқ.
Қойға шапқан қасқырды
Қансоқтырар қайда әдет?
Бақи дүние-ай, нәлетi,
Бастан бақтай аудың ба?
Кетпекшi ме Дала етi
Әлдекiмнiң аузында?..
Зар-мұңымды замана
Тыңдамай ма, тыңдай ма?
Дәурен кешкен далада
Беу, баяғы күн қайда?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу