Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  69


Автор: Талап Қараш

Бір замандасқа!

Түлкі сойып өтірік күле алмаймын,
Емін еркін жүрген бір құландаймын.
Күлсем-күлем шынымен рахат тауып,
Қарнын жарып өзіңдей жуандардың.
Шырағым мықтымын деп бұлданбағын,
Көрмедім өртенгеннің бүр жарғанын.
Сөйлесең жөніменен сөйле, қумай,
Көңілдің жадыратып жыр жайлауын.
Жаралған жалғандықтан жан екенсің,
Ләппайлық пенде күннен дәметерсің.
Сен құсап шашымды мен боямадым,
Алпысқа келген сен бір бала екенсің.
Түсіңді түстемедім, атыңды атап,
Қамшылап намысыңды тақымға сап.
Замандас оятпа енді ашуымды,
Жарқ етер өз қолыңмен жасын жасап....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу