Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  57


Автор: Талап Қараш

Айгера Әшімхановаға

Жүректің әнін шырқадың,
Ұшырып көңіл сұңқарын.
Сағыныш толы сазыңмен,
Жылытып бойды қымтадың.
Қанатты әнге айналдың,
Халқым сүйген жайдарлым.
Жұлдыздарға сыйладың,
Үзіп алып айдан мұң.
Сырлы үніңе балқыдым,
Ақша бұлт боп қалқыдым.
Көргендей болдым «Әсеттің»
«Қалқатайым» «Алтынын»...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу