Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  85


Автор: Талап Қараш

Жыр қуу...

Жыр қумадым қара бастың
қамы үшін,
Сыбдырлатып қояндардың
қамысын.
Жүрегімнің сөзін айтып
келемін,
Тірілтсем деп кей жандардың
намысын.
Мақтамадым мақтан қуып
Жүргенді,
Мың құбылып жалған сөйлеп
күлгенді.
Мен шынайы өмір сүріп
келемін,
Жамандардан аулақ салып
іргемді.
Ойды оятсам деймін мәңгі
қалғыған,
Ауыздықтап қара желді
қаңғыған,
Бүгежектеп жүргендерден
қорқамын,
Бүкең қағып мені жолда
аңдыған.
Жыр қумадым қара бастың
қамы үшін,
Ала қашып заман тауық
тарысын.
Сыбдырлатып жүрмін сезім
қамысын,
Көру үшін жүректердің
барысын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу