Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  84


Автор: Талап Қараш

Пысық інішекке

Бұрынырақта еркін ең,
Пенде дүние дертінен.
Ауырып енді қалыпсың,
Мақтан сөзден желпіген.
Баса көктеп қарайсың,
Аспандағы жаңа айсың.
Сені бала күтіп тұр,
Алдыңда әлі талай сын.
Кеудені кеуде басады,
Көңілді көңіл ашады.
Өрекпісе құйын жел,
Шаң топырақ шашады.
Мінезің қайда ақ жарқын,
Ойламайтын алды артын.
Тазартып кірден жаныңды,
Лайым аппақ қар жаусын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу