Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  81


Автор: Талап Қараш

Сені көріп....

Шіркін-шіркін сендей сұлу көрмедім,
Кезіп ішін дүние атты көрменің
Саған қолым жетсе мүмкін ойланбай,
Бұйрық етсең көрер едім көр демін...
Көздерімді жаулап алды-ау балтырың,
Ағараңдап сүттей аппақ алқымың .
Ал, көздерің қою қара бүлдірген,
Сені көріп қорғасындай балқыдым.
Тал бойыңнан ешқандай мін таппадым,
Қиялымның кезіп арман бақтарын.
Сені көріп жасарып бір кеттім ғой,
Көңілімнің серпіп сезім - қақпанын
Сендей сұлу өмірімде көрмедім,
Жүрегіме салған сезім өрнегін.
Сені көріп биік өмір шыңына,
Келе берер әр күн сайын өрлегім....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу