Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  68


Автор: Талап Қараш

Итаршы...

Қала әкімі алардай бір қолымды,
Кес-кестеді итаршы әйел жолымды.
Жаңа-жылдық шырша думан сәтінде,
Бағым емес тапқандаймын сорымды.
Билеп төстеп салтанатты сарайды,
Әлдекімдер төбемізден қарайды .
Сары әйел қан сөлі жоқ бетінде,
Көңіліме жаңа бір мұң жамайды.
Ей, итаршы, жерің жоқ қой жүрмейтін,
Шабаланып кім-кімдерге үрмейтін.
Мерекеге ашулы халық келмеді,
Қу тірліктің қысқа жібін күрмейтін.
Дірілдейді жұлдыздары шыршаның,
Аңсағандай түнгі аспанның құрсағын.
Жаңа жылдық шырша - думан сәтінде
Мен даламның сағындым ақ жусанын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу