Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  86


Автор: Тұрсын Жұмаш

ЖАНАРЫМДА БІР ҮМІТ БАР ОЙНАҒАН...

Жеткізер ме бұл көктем күзге мені,
Жаз ұқтырып кетеді бізге нені.
Түні бойы жүрегім жылап шықты,
Жер бетінен табылмай іздегені.
Кезімде бұл өмірден алшақтаған,
Маған үнсіз қарайды он шақты адам.
Көзімді ілсем болғаны сені көрем,
Қап-қара көздеріңді моншақтаған...
Тереземнің алдында алма бағы,
Алмасы жоқ тірліктің бар ма мәні.
Жарығына телміріп жарықтық Ай,
Сағындырып Мақпалдың салған әні.
Кетіп барам таңдарға арайлаған,
Жанарымда бір үміт бар ойнаған.
...Мен саған еш қиянат жасағам жоқ,
Сен де маған жасама, жарай ма адам?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу