Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  104


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Апайым

Әні мен өлеңі Кәрім Жұмағалиевтікі .
Әкеден бірге, Анадан бірге, жалғыз боп туған апайым,
Өзіңе арнап, сөзін де талғап, шығарған әнімді айтайын.
Сағынған кезде, сәлем айт маған, аспандап ұшқан құстардан,
Сараны алып, өзіңе барып, мауқыңды басып қайтайын.
Әкеден бірге, Анадан бірге, асыл боп туған апайым,
Келмейд - деп тойға, өкпелеп қапсың, мінезің қатал байқаймын.
Амандық болса, барамыз талай, тойларың бар ғой алдыңда,
Көбірек мен де ойлаймын сені қалай боп жүр деп қал-жайың.
Әкеден бірге, Анадан бірге, зерек боп туған апайым,
Бұл өмірдегі жақсылықтарды тарту-ғып саған тартайын,
Сағынған кезде, сәлем айт маған, аспанда жүрген бұлттардан,
Демалыс алып, Сарамен барып, еркелеп жатып қайтайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу