Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  89


Автор: Ермұрат Зейіпхан

БІЗДІҢ ӨЗЕН

Біздің өзен тұнық еді-ау, тұп-тұнық,
Лайланбасын дейтін бабам,
Тік тұрып!..
Арын жаннан –
Артық қойған мықтылық,
Жалғасыпты ұрпаққа нәр жұқтырып!..
Данасы – дар да,
Жуасы – жүнжіп, тозды өмір,
Ызғырық ырғап,
Суынды солай, қор көңіл...
Жасымай қайтсін, еңсесін өксік езген соң,
Тасымай қайтсін, көрінбей көзге келген соң?!
Шайқалып орта,
Азайды ғажап, алыптар,
Ұрпақтың күні не болар енді тарыққан?!
Лайланып тұнық,
Өзенде ағыс өзгерді,
Жүзіп жүр онда көзі ашық,
Соқыр балықтар!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу