Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  120


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

АЛМАТЫНЫҢ ТҮНГІ АСПАНЫ КӨКПЕҢБЕК

Алматының түнгі аспаны көкпеңбек!..
Ақ қайыңдар –
Айға асылған көкке өрлеп.
Сен сүйгендей қарлығаш қас көктем кеп,
Айдыныма –
Аққулар ән төккен жоқ!
Алматының түнгі аспаны көкпеңбек!
Мен қадалсам,
Қызыл гүлге ұрланып
Сен жоқ жерде өртенбей тұр қыр нағып!?
Жұлдыздардың жанарында мұң жанып,
Бұлақ қайда асығады құм жарып?
Мен қадалсам,
Қызыл гүлге ұрланып...
Еркелеген –
Бота бұрым бұлаңдап,
Мейлі бізді –
өте берсін жыл алдап!
Сағынғанда,
Мен жүрейін жыр арнап,
Жырымды оқып,
Жат құшақта жылап жат!
Еркелеген бота бұрым бұлаңдап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу