Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  64


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ОЛ КҮНДІ, СӘУЛЕМ, ЕСКЕ АЛМА!

Ол күнді, сәулем,
Еске алма!
Ол бір күн –
Алыс кеткен күн!..
Сыбаға болған жас жанға,
Бір шүйке бұлты ол –
Көктемнің...
Бір шүйке бұлты ол –
Көктемнің!
Ол – сағым қуған балалық!
Ол – жанда жүрген өктем мұң,
Жанарға жас боп оралып...
Достарым тұрды қол бұлғап,
Ойыны күтті даланың.
Қырладым тұңғыш үйде қап,
Шалбардың шаңды балағын.
Жанымда жанды мың үміт...
Жұлдызы болып аспанның!
Ақын боп тұңғыш жыр ұғып,
Махаббат шоғын жастандым.
Қалтада қалды ұяң хат...
Сен баққа кеттің жат жанмен,
Қызғаныш буып,
Түнге ұқсап...
Жылап бір сонда қайтқам мен!
Опасыз жардың қаяулы,
Қабағын көрсең,айнашым,
Сол кезде ғашық баяғы,
Баланы еске алғайсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу