Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  128


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ДОСЫМА ХАТ

Көзіне досым жас алды,
Қоштасар мезгіл таянды...
Сал жігіт!
Əнге бас әлгі...
Арулар жайлы аяулы!
Сүйсініп тыңдар сыр болсын,
Кеудеңде толқын тулайтын.
Есенин жазған жырды оқы,
Əйелдер жылап тыңдайтын!
Жасырып көздің мұңды айын,
Сарқа құй соңғы шараптан!
Ажарлы қызды Тәңірім,
Ақындар үшін жаратқан!..
Сонан соң бір сәт таласа,
Ақырғы тосты көтеріп.
Балалық доспен балаша,
Хоштасып жылап кетелік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу