Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  93


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

БҰЛБҰЛ

Жан емен –
Достығыма сый сұраған,
Осы жол –
Берер болсаң шын сұранам!
Қанатын тар бөлмеңде торға соққан,
Бір құстың бостандығын қыйшы маған!
Осынау бақсыз дарын иесіне,
Түскенде айлы түнде гүл есіне.
Жасырын жанарының жасын төгіп,
Сен оның өкситінін білесің бе?
Жанса да асау шабыт жүз аптығып,
Ақындар сыр сақтайды ұзақ тынып!
Кеш білдім...
Көк аспанда құзғын ұшса,
Бұлбұлды аулайтынын тұзақ құрып!
Ұша ғой!..
Жетер торға қамалғаның!
Аялап тапсын қайта ақ арманың!
Жарық күнге –
Жақсының жазығы жоқ,
Күнәң тек –
Бұлбұл болып жаралғаның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу