Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  77


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

АНАМА

(Анам Шəрипа Əбдікəрімқызына арнаймын)
Албырттық кейде ақылға қосылмай көп,
Жағымнан өмір ұрса тосындау кеп!..
Анамның ақырғы тал қара шашы,
Қорқамын ақ шашына қосылды-ау деп.
Мен үшін тағдырымен шалыс келген,
Анам ғой нәзіктігін намыс көрген.
Анам ғой – аунақшыған қара Жерді
Бір жаста табаныма салып берген!
Аз көріп,
Анам менің осыларды,
«Немере тербетсем», – деп отырады!
Өзіне –
Тәңірінен тек тілері...
Жалғыздың –
Жалғыз күрек топырағы!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу