Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  157


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ЖОМАРТТЫҚ

Арғымақ арындайтын дала берген,
Ойып ап мынау жұмыр қара жерден.
Қазақтың бір мұрасы – жомарттығы,
Тарықсаң жалғыз дәнді жара жеген!
Сұрамай пәтер ақы өрелі елше,
Қараны күткен дейді төрелерше.
Тонын жыртқан төбетке сүйек сапты,
Мейманының соңынан ере келсе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу