Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  109


Автор: Әуезхан Қодар

Бұйра-бұйра жапырақтан...

Бұйра-бұйра жапырақтан,
Ойнап алтын балықтай,
Күн сәулесі шашырап қап,
Жүзіп жатыр жалықпай.
Қырмызылау тау кеудесін,
Жайған мұнар құшағын,
Ақ ұлпалы "бау" кездесіп,
Көктен сырғып құшады.
Құстар сайрап, масайраса,
Қзен де ірі үн қосып,
Күн аптығын жас Ай басар,
Кеш қылығы күнде осы.
Бұлттар жылжып. "Біл",-деседіТүрлі сыр кеш реңінен.
Ауа да ілбіп, тілдеседі,
"Тірі жан" деп, менңмен.
Балконымнан гүл кештім,
Кеш-бикешке:"Теңсіз", - деп,
Білсем-дағы бұл бикештің
Қайырмасын менсіз де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу