Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  81


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АРБА ТҮЗУ ЖҮГІРМЕС

Арба түзу жүгірмес,
Төс ағашы болмаса.
Кереге үй боп тігілмес,
Босағасы болмаса.
Күйсіз күлік жүгірмес,
Лақап аты болмаса.
Үлкенге кіші иілмес,
Осы арасы болмаса.
Жас денеге білінбес,
Қартайып о да тозбаса.
Тамырға қан жүгірмес,
Үмітке қолды созбаса,
Жүректен у төгілмес,
Бір дертті, бір дерт қозғаса.
Арқаңнан жүгің жеңілмес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу