Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  132


Автор: Жандарбек Жұман

Еріндер сальсі

Құштармын өзіңе..шарам сол,
Икемдік табамын әр іске.
Құшақтап ал мені...Сонан соң,
Қос ерін түседі вальске.

Кездесу...Біз күткен сәт міне,
Махаббат-үзілмес алқамыз,
Құмар ем о,бастан тәттіге,
Ерніңмен ерініме бал тамыз.

Ұятты ұмыт бұл кезіңде,
Құштар боп сұлуға туады ер.
Біздегі балмұздақ сезімге,
Еріндер болады-куәгер.

Аңдысын ендеше Айлы аспан,
Өлмесін арман да тым аңғал.
Жұп-жұмсақ жеріңде жайғасқан,
Өзіне баурағыш «күнәм» бар.

Бұл сәтте түседі күш қалғып,
...Жаныма мәңгілік серік ең.
Тәттілік пенен Құштарлық.
Ерніңнің ұшында еріген.

Тіліңнен шыққанда шекер үн,
Ғашығың қиналып жыйды есін.
Кедергі болмайық...Екі ерін,
Армансыз вальске билесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу