Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  87


Автор: Жандарбек Жұман

Айдағы періште....

Айдағы періште,
Мен саған ғашықпын!
Мұнымды ұғын.
Махаббаттың ашамын шымылдығын.
...Сен болмасаң түсінер сырымды кім?!

Айдағы періште,
Мен саған ғашықпын!
Жасыралман.
Жанарымда күндердің жасы қалған.
...Менімен бол мәңгілік,асыл арман!

Айдағы періште,
Мен саған ғашықпын!
Жүргін біліп.
Өкпелеткен кезім көп...Бұл күнді ұмыт.
...Жүрегіңе ал мені «тұрғын» қылып!

Айдағы періште,
Мен саған ғашықпын!
...Есім кеткен.
Қабылдадық екеуміз шешімді өктем.
...Сеніменен оралды есіл Көктем.

Айдағы періште,
Мен саған ғашықпын!
Мойындағам.
Тек өзіңе шырқалар ойымдағы ән.
...Күліп қара ылғи да,АЙым,маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу