Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  295


Автор: Дихан Қамзабекұлы

БІРЛІК

Бірігіңдер бірлікке,
Қосылыңдар тірлікке.
Бет-бетіне бытырап,
Сары майдай ірітпе.
Тай сияқты бұлтылдап,
Жас өмірді шірітпе,
Бірлес дағы күнің көр,
Қарап тұрмай кірік те.
Бас панасы өмірдің,
Жуыма жақын шірікке,
Бет алысын бақыттың,
Сына да тұр тірлікте.
Жолыңды байқа ізгімен,
Құмарланба билікке,
Табиғат айдап тығады.
Ақырында бірлікке.
Таза ұста жүректі,
Жаман атқа ілікпе,
Бола алсаң сауатты,
Ілінерсің ілікке.
Мәз болмаңдар бос жүріп,
Бірігіңдер бірлікке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу