Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  98


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

Аспанға жазған арманын

Аспанға жазған арманын,
Тәкаппар, текті талғамым.
Тағдырың сенің зарыңа,
Құлағын салар бар ма күн?
Мінәжат етіп Алланың,
Атына талай зарладым.
Үмітімнің ақ жібімен,
Жер менен көкті жалғадым.
Көңілді бұлт-мұң басып,
Алдымнан күн мен түн қашып.
Жете алмай қойдық бақытқа,
Мысалы, Айға Күн ғашық.
Қуаныш сыйлар жартымсыз,
Сүр өмір, сіз, тым салқынсыз.
(Жұмаққа жетер жолдағы
Азапта жүрміз, бәлкім, біз).
Тойлардан қашып бір кештік,
Жылаумен жүріп күн кештік.
Бақытсыздық пен ақында
Бар ма екен әлде үндестік?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу