Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  96


Автор: Жанат Әскербекқызы

Арманым ең, шыңынан құлап кеттің...

Арманым ең, шыңынан құлап кеттің,
Менен мүлде қара үзіп жырақ кеттің.
Жыламап ем өзіңе жетпегенде,
Бұл жолы жылап кеттім, жылап кеттім.
Жылап кеттім, сездің бе, сезбедің бе,
Жылап кеттім, өзіңнен безгенім бе?
Өзің серік болушы ең елесіңмен,
Арман бағын бақытпен кезгенімде.
Қарғыс айттым сәттерге сені ойлаған,
Хабарыңа, хатыңа қарайлаған.
Түнек келіп тұтасып басып кетті,
Ақ таңымды жанымда арайлаған.
Ұмытам деп, қош айттым мәңгі саған,
Сені ойласам оллаһи, қарғыс алам,
Деген едім, бәрібір дәрменсізбін,
Ұмытуға жете алмай қалды шамам.



1986 жыл, Алматы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу