Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  76


Автор: Жанат Әскербекқызы

Шексіздікке жол тартқан жалғас-ғұмыр...

Шексіздікке жол тартқан жалғас-ғұмыр,
Өмір атты үзіліп қалмас дүбір.
Бәрі-бәрі алмасар, заңдылық қой,
Ал, сен келіп, менімен алмасшы бір.
Жаныма да ие бол, жүрекке де,
Мен боп жалған дүниеге бір өкпеле.
Мен боп кейде егіліп болмашыға
Мен боп кейде сұмдыққа дір етпе де!
Мен боп тербел Шабыттың айдынында,
Мен боп ынтық сыры мол Ай-ғұмырға.
Мен боп кейде шошынып тайыздықтан,
Қарсы қара қарысып қайғы-мұңға.
Мен боп шаттан бақытқа кіші-гірім,
Мен боп жырдың мұңлылау түсін үнін.
Мен болып кеп өзіңе қарашы бір,
...Мүмкін сонда жанымды түсінуің.



1987 жыл, Тарбағатай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу