Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  88


Автор: Жанат Әскербекқызы

Мына ғалам сіз бенен бізді ұға ма...

Мына ғалам Сіз бенен бізді ұға ма,
Көңіліме көшкендей күзгі нала.
Жалғандықтан жерінген біздің жүрек
Жамандыққа қимайды Сізді ғана.
Үміт үркіп, түңіліп, үзді қара,
Желкен жайып, жанымда жүзді нала.
Ақыл, сезім арбасқан бір шақтарда
Еске аламын егіліп Сізді ғана.


Мендік сезім осындай... сезбеймісіз,
Сезім емес, селкеулі сөз деймісіз.
Ғұмырыңа жетерлік азап болам,
Төз деймісіз, әйтпесе без деймісіз.
Түнге баттым тұншығып, білмедіңіз,
Тірі болып, есен боп жүр дедіңіз.
Түсіңізге түрленіп кірген мұңлық
Сізге асыққан мен емей кім дедіңіз?!
Кеуде деген қапаста бұлқынар үн,
Аңдаңыз тек үнімде сыр тұрарын.
Білесіз-ау, сезесіз бір сезімнің
Өзіңізге өлең боп ұмтыларын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу