Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  49


Автор: Жанат Әскербекқызы

Іркілуші ем...айтылмай...

Іркілуші ем...айтылмай,
Айтатұғын бір сөзім.
Аңсар әнін ай тыңдай,
Жүрегімде жүр сезім.
Сартап сезім күзге оңып,
Жетіп тұрған бел осы.
Көрінеді Сіз болып,
Қимас күннің елесі.
Жарқын күлкі, мөлдір шақ
Қалдырыпты бізді ұмыт.
Оралмайды-ау сол бір сәт –
Мен балғын да, Сіз жігіт...
Есейіппіз, жинап ес,
Өмір осы көнсеңіз -
Жоқ боп кеткен жиырма бес,
Оралмайды он сегіз...



Желтоқсан, 2004. Астана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу