Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  51


Автор: Жанат Әскербекқызы

Беймәлімсің...

Беймәлімсің,
Бейтаныс ғұмыр кештік,
Өткізерміз әйтеуір бүгінді өстіп,
Күбірі деп жанымның иланамын
Ара-тұра ғайыптан үніңді естіп.
Арамыз-ай...арамыз мүлде шалғай,
Шалғай жүріп шалдықтым тілдесе алмай.
Күміс қанат күймеге қиял мініп,
Саған емес, кетті ғой күнге самғай.
Қара жолда мен қалдым қара жаяу,
Сезімімді әйгілеп ала бояу.


Жат жанды да қапысыз өзімсінер
Ақындардың сенімі баладай-ау...



Шілде, 2002ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу