Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  86


Автор: Жанат Әскербекқызы

Үндемедің – үйдей пәледен құтылдың...

Үндемедің –
Үйдей пәледен құтылдың
Құрбы,
Айтпаймын енді


Жанымды ауыртқан сырды,
Мейлі, қарашығымнан қайғы боп
Сырғы.
Үндемедің –
Үніңді тылсым мәңгілік
Жұтты,
Өкпе
Жолыңа тігілген ақ отауды
жықты,
Жүрек
Болмасты болдыра алмасын
Ұқты.
Жалғыз бейшара үміт
Жолыңды күтті,
Ал, Мен
Ойыма алмаймын
тіпті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу